"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ажы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Ажы отдела образования по Ерейментаускому району управления Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқушыларға құқықтық тәрбие беру"

15.05.2020

14 қазан 2019 жылы Ажы негізгі мектебінде инспекторлық полиция өкілімен кездесу өткізілді. Бұл кездесуде оқушылардың құқықтық жауапкершіліктері сөз болды. Артынша ата-аналар жиналысы өткізіліп, оқушылардың тәртіп мәселесі сөз болды.

Құқықтық тәрбие берудегі ата-ана жауапкершілігі

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйтқысы ата-ана мен мектеп болатын.Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянсыз болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата – аналар іс – жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдың меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез – құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Әрбір ата – ана өз баласының жас ерекшелігіне қарай құқықтық сауаттылығын арттырып отырған жөн.

Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып,дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез – құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу; заң нормаларын орындау; қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б..Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға – құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады. Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады. Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата – аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Баланың құқығы – отбасында өмір сүру, әлеуметтік қорғалуға құқылы, демалуға,денсаулық сақталуға, білім алуға құқылы. Сонымен қорыта келе әрбір ата – ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі – өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірле» білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Тыңдағандарыңызға рахмет!             

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст