2019 жылғы 5 қазан күні Ажы негізгі мектебінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға оқушылар және ұстаздар қатысты.
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің оқу ордамызда да жеткілікті. Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында жоғары оқу орнынан мыңдаған студенттеріміз заман сұранысына сай білікті маман болып шығуда. Бұл күндері қолдарына диплом алған біздің шәкірттеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденіп, өркендеуі үшін бар күш-жерімен аянбай еңбек етіп жүргендері де белгілі. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» медалі, алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған университеттің ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтары табыс етілді. Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін! Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!