«Абай дара, Абай дана қазақта »
А.Құнанбаевтың «Қалың елім
қазағым, қайран жұртым» әуені қосылады.
1-кезең «Абай әлемі»жалпылама сұрақтар яғни, бұл кезеңде ақын өмірінен берілген сұрақтарға
жауап береді.
2-кезең «Өлең сөздің патшасы,
сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып,жатқа орындауы тиіс.
3-кезең «Көңілім әнді
ұғады»
шығармашылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар өлең шығарып келуі керек
болатын. Өлеңдерін оқиды.
4-кезең «Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда» бұл кезеңде сайыскерлер берілген нақыл сөздердің жалғасын табады.
Сайыс
белгіленген кезеңдері бойынша өз мәресіне жетті. Сайыс жеңімпазын анықталып,
марапатталады.
Мақсаты:
Білімділік: тәрбиеленушілер қазақ
халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып
өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;
Дамытушылық: тәрбиеленушілердің
дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тәрбиеленушілерді
адамгершілікке, адалдыққа, талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: Мәнерлеп оқу сайысы.
Типі: сайыс.
Көркемдігі: слайдтар, Абай туралы
жазылған нақыл сөздер, суреттер.
Өтілу барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар,
саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті
ұстаздар және білім алушылар!
Ақыл-ой ақындықтың киесі - Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі - Абай!
Адалдық, ар-ұяттың данышпаны
«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!,
демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Абай дара, Абай дана қазақта » атты сайысымызға Қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Абай –
қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір
ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін
өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, Абай
жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік
қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінге қалдырған кім?
2-жүргізуші
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнімен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
1-жүргізуші:
Абай дана,
Ғұламасы ғасырдың
Жырларында жабырқау жоқ,жасым мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп
Өлең деген асылдың
Жырларында тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жаңға құяр жылылық.
Абай деген – жұмбақ әлем, биік шың,
Болғаным жоқ әлі өзіңді ұғынып.
2- жүргізуші: Олай болса, сайысымыздың
қатысушыларын ортаға шақырайық! Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге
қазылық ететін алқа мүшесімен таныс болайық:
1.
Ахметова Айтжамал Рахымбекқызы–мектеп директоры
2.
Космуканова Нуржайнат Мұратқызы - оқу ісінің меңгерушісі
3.
Аубакирова Айымгүл Кыдырбайқызы – тәрбие ісінің меңгерушісі
1-жүргізуші:
Сайысымыздың
шарттарымен таныс болайық. Барлық қатысушыларымызға сәт сапар тілеп,
сайысымызды бастаймыз!
Ақынның ата-қоныс жері қандай?
Ата-баба, әулиеті, тегіқандай?
Ақындытебіренткен, күңіренткен
Ұшқынұя, ортасы, еліқандай?-дейкеле, сайысымыздыңбірінші «Абай әлемі» аттыкезеңібойыншасұрақтарғажауапберейік.
1. Абай қайжердедүниегекелген? (ШығысҚазақстаноблысы,
Шыңғыстауыныңбөктерінде)
2. Абай қайкүні, қайжылытуылған? (1845 жылы 10 тамызда)
3. Абайдыңруы, қандайортаданшыққан? (Тобықты)
4. Абайдыңшынаты? (Ибраһим)
5. Абайдыңәкесініңатыкім? (Құнанбай)
6.Абайдыңаяқталмағанпоэмасы.(«Әзімәңгімесі».)
7. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)
8. Абай неше жасқа дейін оқыған? 13
9. Абай кім? (Ақын,сазгер, аудармашы)
10. «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев»
депатағанкім?( АхметБайтұрсынов).
11. «Абай
жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
12. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-
Наурызбай Х)
13. Абай кімге ғашық болды? (Тоғжанға)
14. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық
жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
2-жүргізуші:
Кейінгіұрпақжырларынжаттап қанықты
Үлгітұтыпбәйтеректейалыпты,
Көкірегіояу, сезімді ұрпақ қайдасың,
Өлеңдероқыпөзіңдібіртанытшы-дейотырып, сайысымыздың«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты бастапқы сайысымызды бастаймыз.
Бұл
кезеңде сайыскерлеріміз өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп,жатқа
айтады.
1.
Әшім Іңкәр
2.
Баймуханова Айсана
3.
Мейрам Ажар
4.
Рахымбек Перизат
«Құлақтан кіріп бойды алар»
әуені қосылады.
1-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы,күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар- деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті«Көңілім
әнді ұғады» шығармашылық кезеңге яғни, әнге береміз.
1.
Мейрам Жанар
2.
Мейрам Айзада
3.
Елубаева Мадина
2-жүргізуші:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге, - деп С.Торайғыров жырлағандай, «Абай айтқан асылдар» яғни,
бұл кезеңімізде көрермен оқушылармен нақыл сөздердің жалғасын табайық.
1. Сенде бір кірпіш дүниеге (Кетігін
тап та, бар қалан)
2. Білімдіден шыққан сөз (Талаптыға болсын кез)
3. Атаның баласы болма, (Адамның баласы бол)
4. Талап, еңбек, терең ой (Қанағат рахым, ойлап қой)
5. Досы жоқпен сырлас (Досы көппен сыйлас)
6. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
7. Өткірдің жүзі,кестенің бізі (Өрнегін сендей сала алмас)
8. Толғауы тоқсан қызыл тіл (Сөйлеймін десең өзің біл)
9. Еңбек қылсаң ерінбей (Тояды қарның тіленбей)
10.Әсемпаз болма әрнеге (Өнерпез болсаң арқалан)
1-жүргізуші:
Сайысымыздың
3 кезеңі «Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда» шығармашылық кезеңі.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған
өрнекті өлең үлгісімен бүгінгі ұрпақтарға өлең шумақтарын құрастырып келген
болатын. Олай болса сол өлеңдерін оқуға оқушыларымызды шақырамыз.
1.
Сагидуллаева Акнур
2.
Тлеубаева Аружан
3.
Жанатаева Әсем
Әділқазы
мүшелері қорытынды бағасын шығарғанша: Абайдың «Жасымда ғылым
бар деп ескермедім» өлеңін
тындаймыз.
2-жүргізуші:
Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес,
ар-ұятты,ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының
шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін
көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар болмауға
тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов «Мен
Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен.
1-жүргізуші:
Ал бізҰлығұламатереңіне бас
қойғанымызбен тек солтереңнендәмінғанататтықғойдепойлаймын. Солсебептеноқудан,
білугеұмтылушылықтан, ізденуденжалықпайық. Ойымыздықорытындылайкеле, Президентіміз
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын.
«АбайдытанытуарқылыбізҚазақстандыәлемгетанытамыз,қазақхалқынтанытамыз. Абай
әрқашан біздіңұлттықұранымызболуытиіс» дейкеле, біз де Елбасымыздыңайтқан сөзін
қолдаймыз.
2-жүргізуші:
Бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен
құттықтай отыра, алдағы уақытта биік белестерден көріне берулеріңізге
тілекшіміз. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» демекші Абайды оқып,
білімімізді шыңдай берейік!
«Абай дара, Абай дана қазақта » атты сайысымызға алтын
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!
Ажы негізгі мектебі
Дайындағандар:Г.Т. Қожанова
А.К.Токсанова
2017-2018 оқу жылы